«Alliance — Өмірді Сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ атауының өзгергені туралы хабарлайды.

31.03.2014 ж. бастап «Alliance — Өмірді Сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ өз атауын «Grandes» өмірді сақтандыру жөніндегі компания» АҚ өзгертті.

Бұл шешімді 2014-2018 жж. бекітілген жаңа стратегияны іске асыру аясында компанияның жалғыз акционері «KNG Finance» ЖШС қабылдады.

«Өмірдің нәзік жағын қорғай отырып» ұраны Компания девизіне айналды. Бұл сөздер кездейсоқ таңдалып алған жоқ. Оның терең мәні бар. Бұл сөздер клиентке «Grandes» ӨСК» АҚ өмірді нәзік материя сияқты бағалайтын сенімді қорғаушы ретінде таңдап алуды ұсынады.

«Бұл Қазақстан Республикасының қаржы институты ретінде Компания дамуының жаңа асулы кезеңі, қойылған мақсатқа алғашқы қадам. Біздің міндетіміз өзімізді барлық отбасыға қаржылық қорғаныс беретін тұрақты және тәуелсіз бренд ретінде көрсету болып табылады», — деп Басқарма Төрағасы Алимгазиева Г. Б. өз пікірін білдірді.