Fitch Ratings ««Alliance-Өмірді сақтандыру» Сақтандыру компаниясына» сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы рейтингін берді

28 наурыз 2013 ж. Fitch Ratings ««Alliance-Өмірді сақтандыру» Сақтандыру компаниясы» АҚ, Қазақстан, халықаралық «В» және ұлттық ҚТР «BB» (kaz) шәкілге сәйкес сақтандырушының қаржылық тұрақтылығы рейтингі (ҚТР) бойынша атағын берді. Рейтингтер бойынша болжам – «Тұрақты».

НЕГІЗГІ РЕЙТИНГТІК ФАКТОРЛАРЫ

Рейтинг агенттігі аннуитеттік сақтандырудағы сақтандыру қоржынының қомақты шоғырлануын, 2012 ж. теріс таза пайданы және компанияның қызмет тәжірибесінің аздығын, сондай-ақ оның инвестициялық қоржын сапасының төмендігін атап көрсетті.

Fitch 2012 жылы акционерлер тарапынан 1 млрд. теңге көлемінде көрсетілген қолдауды, ал соның нәтижесінде капиталдандыру деңгейі қанағаттанарлық болуын, жағымды факторлардың негізі деп есептейді.

Фитч рейтинг анықтау барысында Компанияның операциялық әрекетінің қысқа мерзіміне, өлім статистикасының аздығына және келісімді ұзақ мерзімді облигациялардың жоқтығына байланысты Қазақстанда инвестициялық мүмкіндіктердің төмендігіне назар аударды.

Компания 2012 ж. өмірді сақтандыру қорын бір реттік түзетумен және жаңа сақтандыру өнімдерді дамытуға әкімшілік шығындарды көбейтуіне байланысты 1 млрд. теңге мөлшерінде таза пайда көрсетті. Қысқа мерзімде компания жағымды қаржылық нәтижені әзірше болжамдамайды.

Акционерлер 2012 жылы Компания капиталына жалпы сомасы 1 млрд. теңге салды, бұл 2012 ж. соңында капиталды 1,4 млрд. теңге деңгейінде ұстап тұруға ықпал жасады. Fitch мәліметі бойынша, есептеуде қолданылатын дисконттау мөлшерлемесіне реттеуші талаптардың өзгеруіне байланысты сақтандыру қорын көбейтуге тура келді.

Агенттік капиталдың салуын жағымды фактор ретінде қарап, оларды акционерлердің компанияны қолдағанының дәлелі деп бағалады. Fitch бағалауы бойынша, компанияның тәуекелді түзетіп капиталдандыруы оның рейтинг деңгейіне сәйкес келді.

Инвестициялық активтердің сапасын және әртараптандыру деңгейін төмен деп есептеседе, сол инвестициялардың өтімділігі жөнінде де атап өтті.
«Fitch Ratings» халықаралық рейтинг агенттігі берген атағы Компанияның тұрақтылығын және өмірді сақтандыру нарығын дамытуға оның қызығушылығын дәлелдейді. Бағаланған мерзім (2012 жыл) Компания үшін ең ауыр жылдың бірі болғаны сөзсіз. Келешекте Компания соңғы қызмет жылы жинақтаған тәжирибесін сақтап қалуға және Қазақстанда өмірді сақтандыруды дамытып жетілдіруге тырысады», — деді Компанияның Басқарма Төрайымы Гүлнәр Әлімғазиева.