Fitch Ratings агенттігі «Альянс Полис» СК» АҚ сақтандырушының қаржылық рейтингтік тұрақтылығын берді

2013 жылдың 27 наурызында халықаралық рейтингтік Fitch Ratings агенттігімен «Альянс Полис» СК» АҚ сақтандырушының қаржылық рейтингтік тұрақтылығы берілді, халықаралық шәкіл бойынша «B» рейтингі және ұлттық шәкіл бойынша «BB+(kaz)» рейтингі тағайындалды. Рейтинг бойынша болжам – «Тұрақты».

Рейтингтік агенттіктің бағалауы бойынша, «Альянс Полисті» түзете отырып капиталандыру тәуекелге бел буғанмен теңдес. 2012 жылы төлемпаздық маржасының көрсеткіші ұлттық стандартқа сай жоғары болған және орташа есеппен 255% құраған. Алайда жинақы сыйлықақысының көлемінің өсуіне байланысты капиталға айналдыру және төлемпаздық мүмкіндіктерінің төменгі көрсеткішке ие болуы мүмкін, бірақ Fitch бұл рейтингтік көрсеткіштердің осы деңгейде қалатынына сенімді .

Fitch Ratings сарапшыларының қорытындысы бойынша, компания алдыңғы жылы операциялық күрделіліктерді бастан өткергендігі туралы сөз болды, ол сату көлемінің төмендеуіне, клиенттер базасының қысқарылуына және пайданың төмендеуіне әкеп соқтырды. «Альянс Полиса» және «Пана Иншуранс» сақтандыру компанияларының бірігуі 2012 жылдың бірінші жартысында қосымша шығындарды талап етті,сонымен қатар компанияның деңгейінің жоғарылауына өз септігін тигізді.

Бірнеше күн бұрын «Эксперт РА Казақстан» рейтингтік агенттігі сенімділік рейтингін «Сенімділіктің жоғары деңгейі» А деңгейінде растады.
«Альянс Полис» СК» АҚ рейтингтерге деген жағымды әсері ағымдық өтімділіктің еселілігін және айқынды сақтау өтімділігіне ықпал етті. Компания үшін инвестициялық портфельдің диверсификациясы, қайта сақтандырудың жоғары сенімділігі, сонымен қатар қызметтің байыпты географиялық диверсификациясы маңызды болып табылады.

Осыған байланыста «Эксперт РА Казақстан» рейтингтік агенттігінің бас директоры Әділ Мамажанов: «Альянс Полис» СК» АҚ қаржылық және төлемпаздық маржасының жоғары көрсеткіштерін ұсынуда. Компания стратегиялық дамудың негізінде қосымша рисктерге қол жеткізе алады, олар корпоративтік сақтандыру негізінде, ерікті сақтандырудың түрлері негізінде, сонымен қатар мемелекеттің аймақтық нарығының дамуы негізінде.

«Біз аталмыш рейтингтердің жетістігін тұрақтылық пен сенімділіктің арқасында деп білеміз. «Альянс Полис» өз алдына компанияда қалыптасқан жоғары стандарт сапалылығын сақтауды, сонымен қатар алдағы уақытта компанияның негізгі көрсеткіштерін жоғарылату ең басты мақсатымыз», — деп Басқарма Төрағасы Үсенов Талғат Қалдыбайұлы айта өтті.

«Альянс Полис» Қазақстан нарығыныда 1993 жылдан бастап жұмыс атқарып келеді, сақтандырудың 7 міндетті және 15 ерікті түрі, сондай-ақ қайта сақтандыру ісі бойынша жұмыс атқарып келеді.

2013 жылдың 1 наурызына компанияның активтері 9,8 млрд. теңгеден асса, жеке капитал 7,1 млрд. теңгеден астам көрсеткішке ие болды, ал жарғылық капитал— 4,4 млрд. теңгені құрады.