Мақсатқа жетудің үздік жолын табамыз
Мақсатқа жетудің үздік жолын табамыз

Category Archives: Новости

«KNG Finance» ЖШС Сақтандыру холдингі «Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сату жөніндегі мәмілені аяқтады.

2016 жылғы 05 мамырда «Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ сату жөніндегі мәміле аяқталды, Компания акцияларының 100%-ы жаңа акционерлерге берілді. Осының алдында хабарланғандай, мәміле 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап екі кезеңде жүргізілді.

«KNG Finance» ЖШС сақтандыру холдингі «Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ты сатады

2015 жылғы 14 желтоқсанда «KNG Finance» ЖШС «Grandes» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ-ты сату туралы шешім қабылдады.

«Мәміле «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» АҚ арқылы екі кезеңде жүргізілетін болады, олардың нәтижесі бойынша барлық 100%  акция жаңа акционерлерге берілетін болады» — деп хабарлады «KNG Finance» ЖШС баспасөз қызметі.

«KNG Finance» ЖШС Компанияның 2014 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабын тексеруді аяқтағаны туралы хабарлайды

Банктік және сақтандыру холдингі болып табылатын «KNG Finance» ЖШС «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясының Компанияның 2014 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабын тексеруді аяқтағаны туралы хабарлайды.

Топтастырылған есеп-қисап Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттарына (ХҚС) сәйкес жасалған және Компанияның барлық еншілес ұйымдарының қаржылық есеп-қисаптарының деректерін қамтиды.

Компанияның 2014 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабы Юридическая газетаның 2015 жылғы 14 казанынан № 152(2912) санында жарияланған.

«KNG Finance» ЖШС Компанияның 2013 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабын тексеруді аяқтағаны туралы хабарлайды

Банктік және сақтандыру холдингі болып табылатын «KNG Finance» ЖШС «КПМГ Аудит» ЖШС аудиторлық компаниясының Компанияның 2013 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабын тексеруді аяқтағаны туралы хабарлайды.
Топтастырылған есеп-қисап Халықаралық қаржылық есеп-қисап стандарттарына (ХҚС) сәйкес жасалған және Компанияның барлық еншілес ұйымдарының қаржылық есеп-қисаптарының деректерін қамтиды.
Компанияның 2013 жылдағы топтастырылған қаржылық есеп-қисабы Юридическая газетаның 2014 жылғы 12 қырқүйектегі № 137(2705) санында жарияланған.

«Alliance — Өмірді Сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ атауының өзгергені туралы хабарлайды.

31.03.2014 ж. бастап «Alliance — Өмірді Сақтандыру» сақтандыру компаниясы» АҚ өз атауын «Grandes» өмірді сақтандыру жөніндегі компания» АҚ өзгертті.

Бұл шешімді 2014-2018 жж. бекітілген жаңа стратегияны іске асыру аясында компанияның жалғыз акционері «KNG Finance» ЖШС қабылдады.

«Өмірдің нәзік жағын қорғай отырып» ұраны Компания девизіне айналды. Бұл сөздер кездейсоқ таңдалып алған жоқ. Оның терең мәні бар. Бұл сөздер клиентке «Grandes» ӨСК» АҚ өмірді нәзік материя сияқты бағалайтын сенімді қорғаушы ретінде таңдап алуды ұсынады.

«Бұл Қазақстан Республикасының қаржы институты ретінде Компания дамуының жаңа асулы кезеңі, қойылған мақсатқа алғашқы қадам. Біздің міндетіміз өзімізді барлық отбасыға қаржылық қорғаныс беретін тұрақты және тәуелсіз бренд ретінде көрсету болып табылады», — деп Басқарма Төрағасы Алимгазиева Г. Б. өз пікірін білдірді.

KNG Finance «Альянс Полис» СҚ» акционерлік қоғамының жалғыз акционері болды

«KNG Finance» ЖШС-гі «Альянс Полис» СҚ» АҚ-дағы дауыс беруші акцияларының 11,8682 пайызын «Finance Trading» ЖШС-нен сатып алуын хабарлайды. Осылайша «KNG Finance» ЖШС-гінің «Альянс Полис» СҚ» АҚ-дағы үлесі 100 пайызға тең болды. KNG Finance компаниясының «Альянс Полис» СҚ» АҚ-дағы үлесін 100 пайызға жеткізу қаржы қызметтері нарығына маңызды қатысушы болуды көздеп отырған KNG Finance компаниясының стратегиясына лайықты келеді.

KNG Finance «Alliance – Өмірді Сақтандыру» СҚ» акционерлік қоғамының жалғыз акционері болды

«KNG Finance» ЖШС-гі «Alliance – Өмірді Сақтандыру» СҚ» АҚ-дағы дауыс беруші акцияларының 6,8514 пайызын «Finance Trading» ЖШС-нен сатып алуын хабарлайды. Осылайша «KNG Finance» ЖШС-гінің «Alliance – Өмірді Сақтандыру» СҚ» АҚ-дағы үлесі 100 пайызға тең болды. KNG Finance компаниясының «Alliance – Өмірді Сақтандыру» СҚ» АҚ-дағы үлесін 100 пайызға жеткізу қаржы қызметтері нарығына маңызды қатысушы болуды көздеп отырған KNG Finance компаниясының стратегиясына лайықты келеді.

КазНитрогенГаз ЖШС-гі атауының

КазНитрогенГаз ЖШС-гі атауының KNG Finance ЖШС-не өзгеруі туралы мәлімдейді. Алматы қаласының Әділет Департементі заңды тұлғаны сәйкесті түрде қайта тіркеуді 2013ж. 21 мамырында жүзеге асырды.

«АТФБанк» АҚ сатып алу-сату туралы

2013 жылы 2 мамырда «KNG Finance» ЖШС және UniCredit Bank Austria қазақстандық «АТФБанк» АҚ-ның 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының жеке капиталы мөлшерін құрады. Мәмілені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 29 наурызда мақұлдады.

2013 жылғы 30 сәуірге дейін «АТФБанк» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарған Ромео Коллина мырза UniCredit Орталық және Шығыс Еуропа аумағындағы бизнесті оңтайландыру бойынша стратегиялық жоспар аясында қазақстандық Банкті сату туралы шешім қабылдағанын айта кетті.

«АТФБанк» тұрақты қаржылық институт болып табылады және клиенттер арасында жоғары беделге ие. Біз өте мықты және жоғары білікті басқарушылар тобын құрағанымызды мақтан етеміз, бұл жерде Банк қызметкерлері оның барынша бағалы активі болып саналады. Біз АТФБанк жаңа акционерлермен өз жетістіктерін нығайта отырып кең спектрлі қызметтер көрсетумен қатар, өзінің жаңа өнімдері мен сервистерін дамыта түсетіндігіне сенеміз. Банк командасы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасын сақтауды және оны жақсарта түсуді алдына мақсат етіп отыр», — деді Коллина мырза.
Өз кезегінде, «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшеcі Энтони Эспина мырза, банк басқармасына қаржылық институттың тиімді ұйымдық құрылымын құрғаны үшін алғыс білдірді.

«АТФБанктегі корпоративтік басқару, айқындылық деңгейі, саясат және процедуралар үздік батыс стандарттарына сәйкес келеді, ал банк персоналы жоғары білікті басқарушылар мен мамандардан құрылған. Бүгінгі таңда АТФБанк елдегі коммерциялық банктердің ірі бестігіне кіреді. Біз өзімізге Банкті және Қазақстандағы банктік қызмет нарығын дамытуды, және оның арқасында жалпы ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосуды басты мақсат етіп отырмыз. АТФБанк өзінің барлық күшті жақтарын, соның ішінде персонал, өнімдер мен қызметтер, филиалдар мен есептік-кассалық желі, банктік технологиялардың сапасын және тартымдылығын сақтайды және нығайта түседі», — деп атап өтті Эспина мырза.

«Эксперт РА Казахстан» Рейтинг Агенттігі «Alliance –Өмірді сақтандыру» СК» компаниясына A деңгейінде сенімділік рейтингі атағын берді — «Жоғары сенімділік деңгейі».

2013 жылы 15-сәуірде «Эксперт РА Казахстан» Рейтинг Агенттігі «Alliance –Өмірді сақтандыру» СК» АҚ сақтандыру компаниясына (әрі қарай– Компания) A деңгейінде сенімділік рейтингі атағын берді — «Жоғары сенімділік деңгейі».

Аннуитеттік сақтандыру және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 2012 жылдың қорытындысы бойынша сақтандырылған тұлғалар санының белсенді өсуі, сақтандыру шарттарын жүргізуге жұмсалған шығындардың аздығы және қайта сақтандыру қорғауының сенімділік деңгейінің жоғары болуы Компания рейтингісіне жағымды әсер етті. Оған қоса, Компания салым объектілері бойынша инвестициялық қоржынын қомақты әртараптандыруымен, сондай-ақ оның қолайлы сенімділігімен, өтімділігімен сипатталады.

Рейтинг деңгейіне кері ықпал жасайтын факторларға пайдалылықтың төмен көрсеткіштері, сақтандыру қоржыны сақтандырудың бір түрінде көбірек шоғырлануы, қайта сақтандыру қорғауы мен сату жолдарының шамалы әртараптандыруы жатады деп айтылды.

«Берілген атақ қаржылық қызмет көрсету нарығында ашық саясат жүргізу, әр клиент үшін оның анықтылығы мен қолжетімділігі Компанияның мақсатын айқындайтын дәлелі болып табылады. Реттеуші органы талап ететін деңгейде капиталды қолдау, шебер ұжымның белсенді қызметі Компания бизнесін тиімді дамытуға мүмкіндік туғызатыны мәлім», — деді компания Басқармасының Төрайымы Гүлнәр Әлімғазиева.