«Эксперт РА Казахстан» Рейтинг Агенттігі «Alliance –Өмірді сақтандыру» СК» компаниясына A деңгейінде сенімділік рейтингі атағын берді — «Жоғары сенімділік деңгейі».

2013 жылы 15-сәуірде «Эксперт РА Казахстан» Рейтинг Агенттігі «Alliance –Өмірді сақтандыру» СК» АҚ сақтандыру компаниясына (әрі қарай– Компания) A деңгейінде сенімділік рейтингі атағын берді — «Жоғары сенімділік деңгейі».

Аннуитеттік сақтандыру және қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша 2012 жылдың қорытындысы бойынша сақтандырылған тұлғалар санының белсенді өсуі, сақтандыру шарттарын жүргізуге жұмсалған шығындардың аздығы және қайта сақтандыру қорғауының сенімділік деңгейінің жоғары болуы Компания рейтингісіне жағымды әсер етті. Оған қоса, Компания салым объектілері бойынша инвестициялық қоржынын қомақты әртараптандыруымен, сондай-ақ оның қолайлы сенімділігімен, өтімділігімен сипатталады.

Рейтинг деңгейіне кері ықпал жасайтын факторларға пайдалылықтың төмен көрсеткіштері, сақтандыру қоржыны сақтандырудың бір түрінде көбірек шоғырлануы, қайта сақтандыру қорғауы мен сату жолдарының шамалы әртараптандыруы жатады деп айтылды.

«Берілген атақ қаржылық қызмет көрсету нарығында ашық саясат жүргізу, әр клиент үшін оның анықтылығы мен қолжетімділігі Компанияның мақсатын айқындайтын дәлелі болып табылады. Реттеуші органы талап ететін деңгейде капиталды қолдау, шебер ұжымның белсенді қызметі Компания бизнесін тиімді дамытуға мүмкіндік туғызатыны мәлім», — деді компания Басқармасының Төрайымы Гүлнәр Әлімғазиева.