Банкинг пен сақтандырудағы жаңашыл технологиялар
Банкинг пен сақтандырудағы жаңашыл технологиялар

Компания туралы

about«KNG Finance» ЖШС қазақстандық банк әрі сақтандыру холдингі болып табылады. Қызметі арқылы KNG Finance Қазақстанның экономикалық дамуына және ел азаматтарының әл-ауқатының артуына үлесін қосуға тырысуда. KNG Finance еншілес компаниялары көрсететін банктік, қаржылық және сақтандыру қызметтері мен өнімдері клиенттерге мақсаттарына оптималды жолмен жетуге жағдай жасайды. KNG Finance компаниялары банктік әрі қаржылық істегі ең жетік технологияларды қолдануға тырысуда.

KNG Finance холдингінің құрамына «АТФБанк» АҚ және «Альянс Полис» СК» АҚ сақтандыру компаниясы кіреді.

1995 құрылған «АТФ Банк» АҚ активтер мөлшері бойынша Қазақстанның ірі банктерінің бестігіне кіреді. Банк корпоративті және жекеменшік клиенттерге, шағын және орта бизнес өкілдеріне, приват-банкинг тұтынушыларына банктік қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді. АТФБанк тобы екі еншілес ұйымнан тұрады: «Төбет Group» ЖШС, «Оптима Банк» (Қырғызстан) ААҚ. Қазіргі уақытта банк желісі онда 2 500-ден астам қызметкер жұмыс істейтін 17 филиал мен 93 сатылым офистерінен тұрады. «АТФБанк» АҚ бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Толық ақпарат алу үшін Банктің вебсайтын ашыңыз: www.atfbank.kz.

«Альянс Полис» СҚ» АҚ – универсалды сақтандыру компания болып табылады. Ол 1993 жылы құрылған. «Альянс Полис» шартты капиталы 3,6 млрд теңгеден астам. 2008 жылдан бері компанияға «Central Asian Assistance» өзіндік медициналық ассистанс қызмет атқарып келеді, ал Алматы және Астана қалаларындағы ерікті сақтандыру клиенттері «Самал» кәсіпқой медициналық клиникасының қызметін пайдаланады. «Альянс Полис» компаниясы Қазақстанның 20 қаласында жұмыс істейді. Компанияның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Бүкіл Қазақстан бойынша 200 полис сату орындары іске қосылған, 1500 сақтандыру агенті жұмыс жасауда. Толық ақпарат алу үшін Компанияның вебсайтын ашыңыз: www.alp.kz