«АТФБанк» АҚ сатып алу-сату туралы

2013 жылы 2 мамырда «KNG Finance» ЖШС және UniCredit Bank Austria қазақстандық «АТФБанк» АҚ-ның 99,75% үлесін сатып алу-сату бойынша мәміленің аяқталғандығы туралы хабарлайды. Мәміленің жалпы сомасы шамамен АТФБанк Тобының жеке капиталы мөлшерін құрады. Мәмілені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2013 жылғы 29 наурызда мақұлдады.

2013 жылғы 30 сәуірге дейін «АТФБанк» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарған Ромео Коллина мырза UniCredit Орталық және Шығыс Еуропа аумағындағы бизнесті оңтайландыру бойынша стратегиялық жоспар аясында қазақстандық Банкті сату туралы шешім қабылдағанын айта кетті.

«АТФБанк» тұрақты қаржылық институт болып табылады және клиенттер арасында жоғары беделге ие. Біз өте мықты және жоғары білікті басқарушылар тобын құрағанымызды мақтан етеміз, бұл жерде Банк қызметкерлері оның барынша бағалы активі болып саналады. Біз АТФБанк жаңа акционерлермен өз жетістіктерін нығайта отырып кең спектрлі қызметтер көрсетумен қатар, өзінің жаңа өнімдері мен сервистерін дамыта түсетіндігіне сенеміз. Банк командасы жоғары деңгейдегі қызмет көрсету сапасын сақтауды және оны жақсарта түсуді алдына мақсат етіп отыр», — деді Коллина мырза.
Өз кезегінде, «АТФБанк» АҚ Директорлар кеңесінің мүшеcі Энтони Эспина мырза, банк басқармасына қаржылық институттың тиімді ұйымдық құрылымын құрғаны үшін алғыс білдірді.

«АТФБанктегі корпоративтік басқару, айқындылық деңгейі, саясат және процедуралар үздік батыс стандарттарына сәйкес келеді, ал банк персоналы жоғары білікті басқарушылар мен мамандардан құрылған. Бүгінгі таңда АТФБанк елдегі коммерциялық банктердің ірі бестігіне кіреді. Біз өзімізге Банкті және Қазақстандағы банктік қызмет нарығын дамытуды, және оның арқасында жалпы ел экономикасының дамуына өз үлесімізді қосуды басты мақсат етіп отырмыз. АТФБанк өзінің барлық күшті жақтарын, соның ішінде персонал, өнімдер мен қызметтер, филиалдар мен есептік-кассалық желі, банктік технологиялардың сапасын және тартымдылығын сақтайды және нығайта түседі», — деп атап өтті Эспина мырза.